Ресей Солтүстік Кореядан 14,4 миллиард доллардың әскери көмегін алған

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Ресей Солтүстік Кореядан 14,4 миллиард доллардың әскери көмегін алған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Bloomberg басылымының жазуынша, Солтүстік Корея Ресейге жеткізген қару-жарақ пен әскери күштердің жалпы құны 7,67 млрд-тан 14,4 млрд долларға дейін бағаланған. Басылым бұл мәліметтерді Оңтүстік Кореяның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы институты дайындаған жаңа есепке сүйеніп жариялаған.

Есеп 2023 жылдың тамызынан 2025 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңді қамтиды. Сарапшылар бағалаудағы айырмашылықты тасымалданған оқ-дәрілердің құрамы мен көлемі туралы нақты деректердің шектеулі болуымен түсіндіреді.

Ресей Солтүстік Кореяға төлем ретінде негізінен жаңа әскери технологияларды беру арқылы есеп айырысуда.

Екі ел арасындағы әскери байланыс Ресей президенті Владимир Путин мен Солтсүтік Корея басшысы Ким Чен Ын жасасқан стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асып жатыр.