Жаңа сауалнама көрсеткендей, АҚШ халқы Байденді де, Трампты да Ақ үйден көргісі келмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
"Сайлаушылардың үштен екісі Байденнің немесе Трамптың қайтадан президенттікке үміткер болғанын құптай қоймайтынын немесе қатты наразы екенін жеткізген", - деп хабарлайды телеарна.
Байденнің президенттік перспективаларына қатысты респонденттердің 48%-ы өте ыңғайсыздық сезінсе, 19%-ы күмәнданатынын айтқан.
Дей тұрғанмен, сайлаушылардың 34%-ы Байденнің, 32%-ы Трамптың сайлауға қатысуын қолдайды.
Сауалнама нәтижесі бойынша, америкалықтардың 71%-ы мемлекет бұрыс бағытта келе жатыр деп есептейді. Бұл АҚШ халқының тұрақты пессимизмін көрсетеді дейді сауалнама авторлары.
Сонымен қатар, келесі жылы Американың қайда бет бұратыны туралы сұраққа жауап берген респонденттердің 69%-ы жағымсыз сөздер мен сөз тіркестерін қолданған.