Әсет Матаев екі айға қамауға алынды

Сырым Қаржас
Фото: Әсет Матаев/Facebook

KazTAG халықаралық телеграф агенттігінің бас редакторына қатысты сот бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

KazTAG бас редакторына Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен, яғни бұзақылық бабы бойынша айып тағылып отыр.

Сот шешімімен журналист екі айға тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы адвокат Рена Керімова хабарлады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Сондай-ақ Керімова Матаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша іс тоқтатылғанын, бірақ 254-бап бойынша айыптау іс жүргізуде қалып отырғанын хабарлаған болатын.