Қазақстандық блогер Мейіржан Төребаев жазасын өтеп, үйіне оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ол 2026 жылғы 22 наурызда әлеуметтік желіде жақындарымен қауышқан сәттен кадрлар жариялады.
– Өз махаббатыңды өзгелерге сезіндіре білу, қарапайым дүниелердің өзінен қуаныш таба алу, – деп жазды ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
2025 жылғы шілдеде Мейіржан Төребаевпен бірге сотталған вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шыққан еді.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
2023 жылдың маусым айында Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысы бес жылға сотталған. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.