Қазақстан бензин бағасы арзан елдер қатарына кірді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан бензин бағасы ең төмен елдер рейтингінде тоғызыншы сатыға жайғасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда бензиннің бір литрі орта есеппен 0,509 долларды (245,5 теңге) құрайды. Ал әлемдік орташа көрсеткіш литріне 1,37 доллар (660,8 теңге) деңгейінде.

Айта кетейік, рейтингте АИ-95 маркалы бензиннің бағасы негізге алынған. Дегенмен еліміздегі ірі жанармай құю станцияларының деректеріне қарағанда, бөлшек саудадағы баға бұдан жоғары – шамамен 315–320 теңге аралығында.

Қазақстаннан арзан бензин сатылатын елдер қатарына Ливия, Иран, Венесуэла, Ангола, Кувейт, Алжир, Түрікменстан және Мысыр кіреді.

Ал ең жоғары баға Дания, Малави және Гонконгте тіркелген.

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан рейтингте екі сатыға төмендеген. Бұған тізімге Түрікменстан мен Анголаның қосылуы әсер еткен.