Азаттық радиосының Instagram-дағы парақшасы бұғатталып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Азаттық радиосының жазуынша «Сіздің аккаунтыңыз Instagram-дағы адамдарға көрінбейді және өзіңіз оны қолдана алмайсыз» деген жазу шығаққан.
Instagram әкімшісі Азаттық аккаунты не іс-әрекеті «интеллектуалдық меншікті қолдану ережелерін бұзды» деген қорытынды жасаған.
Басылымның Instagram парағында елдегі және әлемдегі қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты материалдар жарияланған. Парақшада 789 мың жазылушы болған.
Азаттық радиосы парақшасының бұғатталуына байланысты Instagram әкімшілігіне шағым түсірген. Әзірге жауап келмеген.
Контекст
Соңғы кездері Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясы қазақстандық журналистердің, ақпарат құралдары мен жекелеген қолданушылардың посттары мен аккаунттарын өшірген, алайда олардың барлығы дерлік кейін қайта қалпына келген.
Өшірілген посттардың көбінде Қазақстанда қабылданып жатқан жаңа Конституция жобасына сын айтылған.