Алатау қаласына ерекше құқықтық мәртебе беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Парламент «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда мақұлдады.
Құжатқа сәйкес, Алатау дербес басқару, қаржыландыру және институционалдық тұрғыда ерекше режиммен дамитын қалаға айналады.
Заң аясында «Digital by default» қағидаты енгізіліп, қала жасанды интеллект кеңінен қолданылатын толыққанды Smart City ретінде қалыптастырылмақ.
Сондай-ақ Алатау аумағында арнайы салық режимі басымдыққа ие болады. Қала 2050 жылға дейін немесе толық қаржылық дербестікке жеткенге дейін өз бюджетінің қаражатын республикалық және өзге де бюджеттерге аудармайды.
Жер қатынастарына қатысты да өзгерістер қарастырылған: учаскелер резиденттерге тек нақты инвестициялық жобалар аясында лицензия немесе келісімшарт негізінде беріледі.
САРАПТАМА
Ulysmedia.kz Қазақстандағы бұл мегажобаның олигархтан шенеуніктерге қалай өткенін, қазір қай кезеңде тұрғанын және неге сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екенін саралап шықты.