Өткен жылы Қазақстанның сыртқы қарызы 17 млрд доллардан астамға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СЫРТҚЫ ҚАРЫЗ
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің сыртқы қарызы 181,8 млрд доллар болып, 2025 жыл ішінде 17,2 млрд долларға артқан, деп жазады LS. Мұндай өсім төлем балансы операцияларының әсерінен (+12,8 млрд доллар), сондай-ақ валюта бағамы, нарықтық құн және басқа да өзгерістер есебінен (+4,3 млрд доллар) қалыптасқан.
Бастапқы өтеу мерзімі бойынша құрылымда сыртқы қарыздың 88,1%-ы ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) міндеттемелерге тиесілі.
НАРЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙ
Ұлттық банктің мәліметінше, бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан нарықтағы жалпы жағдайдың өзгеруі қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге әсерін күшейтеді.
Қаржы құралдарының түрлері бойынша резидент еместерден тартылған несиелер мен қарыздар басым – 70,5%. Сондай-ақ резидент еместердің қолындағы борыштық бағалы қағаздардың үлесі 12,5%.