4 сәуірде қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Синоптиктер 4 сәуірде Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қазгидромет" болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Өскемен, Риддер, Семей, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында болады.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.