Атырауда бір топ жігіт полицейлерді соққыға жықты

Қалижан Бектемір
Фото: BAQ.KZ

Мақат ауданында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, тепкілеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Тәртіп сақшылары қызмет барысында болған.

Облыстық Полиция департаменті 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алғанын хабарлады.

Тексеру барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті, – деп мәлімдеді ведомство.

ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.