Айдана Меденова арбадағы қыздың арманын орындап, елді жылатты (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Айдана Меденова Алматыдағы Арбатта ән айтып жүрген арбадағы қыздың арманын орындап, көпшілікті жылатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АРБАДАҒЫ ҚЫЗ МЕДЕНОВАНЫҢ ӘНДЕРІН ОРЫНДАЙДЫ

Алматыдағы Арбатта өнер көрсетіп жүрген талантты қыз тек Айдана Меденованың әндерін орындайды. Оқырмандар әншіге арнайы хат жазып, сол қызбен кездесуін өтінген.

Мен арбатқа өте үлкен миссиямен келіп тұрмын. Оның алдында көптеген хабарламалар алдым. Арбатта бір өте талантты жан менің әндерімді айтады екен. Өзіме де қызық болып тұр. Жеке танысқым келіп тұр. Қатты қобалжып тұрмын, - деді әнші.

«МЕНІЕН БИЛЕ» ӘНІН ШЫРҚАДЫ

Айдана Меденова кездесуге гүл шоқтары мен арнайы сыйлық алып келген. Мұндай тосын сый күтпеген Ақерке есімді қыз әншіні көріп, көзіне жас алды.

Кездесу барысында олар бірге «Менімен биле» әнін орындады. Күтпеген дуэт көпшіліктің жүрегін елжіретіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығы мен жанашырлығына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін сахнаны тастап, дін жолына түскен әнші Айдана Меденова ән айту туралы ойын айтқан болатын.