Бұл туралы әншінің әйелі Вероника Жанғалова желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Батырхан Мәліктің хит әні Kuiim әйеліне арналған. Ал әнді алғаш естіген сәттен бастап Вероника жарты жыл бойы жылағанын жазды.
Мен Kuiim әніне жарты жыл жыладым. Енді міне, келесі ән де дайындалып жатыр. Батыр кеше тағы бір мұңды инструмент қосыпты – шыдай алар емеспін, – деп Инстаграмда жылап отырған суретін бөлісті.
ӘЛЕМНІҢ ӘНДЕРІ
Әлемнің бір емес, бірнеше әні қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Атап айтсақ, Spotify стримингінде хит әндері миллиондап тыңдалған:
Spotify чарттарында Kuiim әні 1 жыл бойы, Elestet 5 ай ТОП-тан түспеген.
ӘНШІНІҢ ӘЙЕЛІ
27 жастағы Вероника Жанғалова – бұрын Ninety One тобының менеджері болған. Ал қазір сұранысқа ие модель, Instagram блогері, инфлюенсер. Әлем екеуінің Тай есімді ұлдары бар.