12 сәуірге қараған түні Астана қаласындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен. Олардың мәліметінше, пәтерде жалын қатты өршіп, жанған.
Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында кәмелетке толмаған үш баланың мәйіті табылды, – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
ӨРТ НЕДЕН ШЫҚТЫ?
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан.
Өрт толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сондай-ақ әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауда, – делінген хабарламада.