«Қазгидромет» еліміздегі ауа райына қатысты 13 cәуірге арналған болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
13 сәуірде Алматы, түнде Қарағанды, Теміртау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.