Аттестациядан өте алмаған 29 мұғалім білім басқармасын сотта жеңіп шықты

Ulysmedia
Фото: ЖИ

ШҚО-да мұғалімдер білім басқармасымен соттасып жатыр. Жүздеген педагог былтырғы аттестаттация комиссиясының шешімімен келіспей, шағым түсіріпті. Ал біразы сотқа жүгінген. Нәтижесінде 29 мұғалім сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТТАСУҒА НЕ СЕБЕП?

Былтыр қазан айында аттестаттау комиссиясы 29 мұғалімді «зерттеуші» статусынан «сарапшы» статусына түсіріп тастаған.

Қаншама уақыты мен денсаулығын шығындап, күні-түні дайындалып барған сынақтан нәтиже көрсетпей, керісінше қолындағы бар дәрежесінен айырылып қалу ағартушыларға ауыр тиіпті.

Әділетсіздікке ұшыраған ұстаздар сот процесі кезінде кездескен түрлі кедергілерге қарамастан, соңына дейін күреседі. Ақыры жеңіске қол жеткізді.

СОТ ШЕШІМІН ОРЫНДАУҒА БІР АЙ УАҚЫТ БЕРІЛДІ

Сонымен қатар, сот заңдылығының бұзылуына байланысты Оқу-ағарту министрлігіне жеке ұйғарым шығарды. Атап айтқанда, аттестациялық комиссия отырысындағы хаттама педагогтардың жеке кабинетіне немесе электрондық поштасына жіберілмеген.

Педагогтардың аттестацияға ұсынған портфолиолары қаңтар-тамыз аралығында емес, 2025 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында қаралған. Сондай-ақ Білім басқармасы аудио-бейнежазбаның бір бөлігін, яғни тек комиссия мүшелерінің аттестация нәтижелері туралы жазбасын ғана ұсынған.