Қазақстанда вице-президент қашан сайланады?

Ulysmedia
Фото: ЖИ

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент қашан сайланатынын айттыдеп хабарлайды Ulysmedia.kz . 

Cпикер Сенат кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, вице-президент Құрылтай жасақталған соң сайланады. Бұл – президенттің құзыретіндегі мәселе.

Журналистер Сенат төрағасынан «Вице-президент кім болады?» деп сұрады. 

«Әзірге Қазақстандағы вице-президент қызметіне үміткердің кім болатыны белгісіз. Бұл мәселе толықтай Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде.  Одан әрі жаңа парламент – Құрылтайдың құрамы жасақталғаннан кейін Президент тиісті шешім қабылдайды», – деді ол.

Еске салайық, біз бұған дейін “Қазақстанда вице-президент лауазымына қай әйел лайық?” деген сауалға жауап іздеген едік.