Әнші Мөлдір Әуелбекова партия қатарына қабылданды

Ulysmedia
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатарына қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін әншіге партия төрағасы Серік Егізбаев партиялық билетті салтанатты түрде табыстады. 

Айта кетейік, «Ауыл» партиясы  аграрлық секторды дамыту, қоғамның демократиялануы үшін саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету және ұлттық құндылықтарды қолдау бағытында жұмыс істейтін саяси ұйымдардың бірі саналады. Партия 2000 жылғы 29 наурызда құрылды. Құрамында 301 487 мүше бар.

Мөлдір Әуелбекова - танымал әнші, актриса және тележүргізуші. 2012 жылға дейін «КешYou» тобының құрамында болды.