Украина Мәскеу мен Мәскеу облысына дронмен шабуыл жасады. Мәскеу мэрі Сергей Собянин мұны қалаға жасалған ең ауқымды шабуыл деп атады. Ол Ресейде парламент сайлауы өтіп жатқан соңғы күнге тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ресей билігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан Мәскеу облысында екі адам қаза тапқан.
Ресей бақылауындағы Херсон облысының аумағында тағы екі адам көз жұмған. Олардың бірі - сайлау комиссиясының қызметкері.
Бұдан бөлек, бұған дейін де бірнеше рет шабуылға ұшыраған Мәскеу мұнай өңдеу зауытының бір нысанына зақым келген.
Собянин Ресей күштері шабуылға тойтарыс бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, дрондар сайлаудың өтуіне кедергі келтіруді көздеген. Ол болған жағдайды «бұрын-соңды болмаған шабуыл» деп сипаттады.
Еске салайық, бұл Мемлекеттік дума сайлауы Ресейдің 2022 жылғы ақпанда Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы басталғаннан кейін алғаш рет өтіп жатыр.
Ресейдің сайлау органдары кибершабуылдар туралы хабарларға қарамастан, дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп жатқанын мәлімдеді.
«Интерфакс» агенттігінің Ресей Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлауынша, күннің екінші жартысы басталғанда сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 50 пайыздан асқан.
Сонымен қатар, соғысқа қарсы ұстанымымен танылған кандидаттардың басым бөлігі сайлауға жіберілмеген.