Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Өлі итбалықтарды жағалауды бақылау барысында «Каспий итбалығы» РММ қызметкерлері анықтаған. Жануарлардың жаппай қырылу себептерін анықтау үшін балық инспекциясы, экологтар және ветеринарлық қызмет мамандары қатысқан жұмыс тобы құрылды.
Қазіргі уақытта сарапшылар сынамалар алып, өлекселерді жою жұмыстарын ұйымдастыруда. Алдын ала болжам бойынша, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын қырылған, алайда дауылды желдің әсерінен олардың денелері жағалауға енді ғана шығып отыр.
Балық шаруашылығы комитеті жағдайға мониторинг жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Контекст
Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Каспий жағалауынан бірнеше күн ішінде 200-ге жуық өлі итбалық табылған еді. Ол кезде алынған су сынамалары ластаушы заттарды анықтамаған.