22 сәуір күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, шаңды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі, деп хабарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еліміздің 11 облысы мен Астанада тұрғындарға ескерту жарияланды. Атап айтқанда, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, екпіні 23 м/с күшейеді. Кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Атырау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.