«Қазгидромет» синоптиктері 23, 24 және 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Болжам бойынша, Мәскеу аудандарынан келетін циклонға байланысты атмосфералық фронттар елдің бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.
Күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады, сондай-ақ кейбір аудандарда бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, – дейді синоптиктер.
Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы +7…+18 градусқа дейін, солтүстік-батыста +10…+20 градусқа дейін болады.
Елдің қалған аумағында температура біртіндеп көтеріледі деп күтіледі: