Павел Дуров тек Telegram-ның негізін қалаушы ғана емес, талантты музыкант. Кәсіпкер интернеттегі шектеулер тақырыбына арналған әнін желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, музыкаға қызығушылығы тоқсаныншы жылдары басталған. Сол кезде қарапайым бағдарламалар арқылы алғашқы тректерін жасаған. Қазір ол бұл әуестігін заманауи технологиялардың көмегімен қайта қолға алғанын айтады.
Дуров шығармашылық бағытта “Дурикович” деген бүркеншік есімді таңдаған. Оның алғашқы жариялаған композициясы “Свой живой интернет” деп аталады.
Ән мәтінінде интернеттегі шектеулерге қарсылық және еркін цифрлық кеңістік идеясы көрініс табады. Автор бұғаттауларға қарамастан, “интернетке” қол жеткізу мүмкіндігін алға тартады.
Бұл қадам Павел Дуровтың цифрлық еркіндік тақырыбын тек технологиялық деңгейде емес, мәдени форматта да көтеруге көшкенін көрсетеді.
Дуриковичтың жаңа хитын осы сілтеме арқылы тыңдауға болады.