“Қазгидромет” 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Батыс және шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.
Астана қаласында көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +20…+22°C болады.
Алматы қаласында бұлтты, жаңбыр және найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +19…+21°C.
Шымкент қаласында жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Түнде +9…+11°C, күндіз +25…+27°C.
Батыс өңірлерде, атап айтқанда Ақтөбе, Орал қалаларында жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндізгі ауа температурасы +8…+14°C аралығында.
Орталық және солтүстік аймақтарда, соның ішінде Қарағанды, Қостанай өңірлерінде де жауын-шашын күтіледі.
Ал оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Қызылорда, Түркістан қалаларында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Күндізгі температура +27…+29°C дейін көтеріледі.
Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде жел күшейеді. Әсіресе Петропавл қаласында желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.