Астана тұрғындары зираттан қабір қоршауларының жаппай ұрланып жатқанына шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАБІР ҚОРШАУЫН МЕТАЛЛ РЕТІНДЕ ӨТКІЗГЕН
Полицейлер заңсыз жұмыс істеген металл қабылдау орнын анықтады. Оны 38 жастағы ер адам басқарған. Тексеру барысында аталған аумақтан 8 қабір қоршауы, 11 құлпытас, 2 крест және 2 металл үстел табылған.
Қазіргі таңда қылмыстық жолмен алынған мүлікті өткізу бабы бойынша іс қозғалды. Ұрлыққа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері күмәнді жолмен алынған мүлікті сатып алу да қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Азаматтарға заңсыз металл қабылдау деректері мен басқа да құқықбұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына хабарлау ұсынылады, – делінген хабарламада.
КОНТЕКСТ
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда зираттардан қоршауларды ұрлағаны үшін бір азамат сотталып, келтірілген шығын көлемі 1,7 млн теңгені құраған.