Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздерді Әзербайжанда өткізуді ұсынды

Қалижан Бектемір
Фото: modern.az

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен жаңа келіссөздер раундын Әзербайжанда өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен Габала қаласында өткен кездесуден кейін айтты. Зеленскийдің сөзінше, Киев үшжақты келіссөз форматына ашық және мұндай кездесулер бойынша тәжірибесі бар.

Әрине, егер Ресей дипломатияға дайын болса, біз мұндай келіссөздерді жақын уақытта Әзербайжанда өткізуге дайынбыз, – деді ол.

Зеленский бұған дейін мұндай келіссөздер Түркияда өткенін, кейін АҚШ тарапының қатысуымен Швейцарияда жалғасқанын еске салды. Енді, оның айтуынша, келесі алаң ретінде Әзербайжан қарастырылып отыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Кремльде Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуі тек бір жағдайда ғана мәні бар екенін мәлімдеген. Яғни, тараптар соғыс бойынша түпкілікті келісімдерді бекітуге дайын болған жағдайда ғана.