«Қазгидромет» синоптиктері 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің айтуынша, бүгін еліміздің шығысында, түнде солтүстік пен орталықта, ал күндіз батыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.
Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында да нөсер жаңбыр күтіледі. Батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде бұршақ жауып, қатты дауыл тұруы мүмкін.
Еліміздің басқа аумақтарында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.