Сайрандағы өлімнен сабақ алмаған алматылықтар көлге тағы түсіп жүр

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Екі адамның ажалына себеп болған Алматыдағы Сайран көлінде тұрғындар тыйымға қарамастан суға шомылып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

РЕСМИ РҰҚСАТ ЖОҚ

Әлеуметтік желіде ересектер мен балаларға көлге түсіп жатқан бейнежазбасы тарап кетті. Негізі Сайран көлі әлі ресми түрде пайдалануға берілмеген. Онда абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр. Соған қарамастан, суға түсетіндер азаяр емес.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА 

Былтыр маусым айында Алматы қаласындағы Сайран көліне екі адам – жасөспірім мен ересек ер адам батып кеткен болатын.

Оқиға орнына дереу водолаздар жіберіліп, олар 2007 жылы туған жасөспірімнің денесін судан алып шыққан.

Дәл осы күні кешке екінші қайғылы оқиға тіркелді. Водолаздар 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйде суға түскен, бірақ қайтып шыға алмаған.

Осыдан кейін Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды рұқсат етілмеген су айдындарында шомылмауға шақырды. Мұндай әрекеттер қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.