Балабақшада күтуші мен медбике балалардың көзінше төбелесіп қалды

Ulysmedia

Теміртаудағы «Әдемі» балабақшасында күтуші мен медбике арасында жанжал шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Оқиға 30 қаңтарда болған. Желіде төбелестің видеосы тарап кетті.

Кадрлардан балалардың көзінше медбике мен күтушінің арасында жанжал шығып, одан кейін төбелес пен айқайдың басталғанын көруге болады.

Видео авторы балалардың болған оқиғаны үлкендерге айтып бергенін айтты.

"Балалардың сөзінен олардың дәрігерден қорқатынын аңғарамыз.Бүлдіршіндер барлығын ұсақ-түйекке дейін айтып берді - күтушіні қалай ұрды, қалай айғайлады. Бұл балалардың психикасына әсер етті. Олар дәрігер қорқады, ол балардың тобына кіріп, ұрып-соғады», - деп жазды видео авторы, ата-аналардың бірі.

Теміртау қалалық білім бөлімі бұл факті бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Әдемі балабақшасының әкімшілігі Шығыс полиция бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы арызбен жүгінді. Бұл мәселе Теміртау қалалық білім бөлімінің қатаң бақылауына алынды", - деп хабарлады ведомстводан.