Қырғызстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізетін заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24.kg порталына сілтеме жасап.
ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ
Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған. Құжат Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне 190-1 жаңа бап енгізуді көздейді. Сталкинг деп адамның еркінен тыс жүйелі түрде аңду, соңынан қалмау немесе байланыс орнатуға тырысу, соның ішінде интернет арқылы қысым жасау түсіндіріледі.
Заң жобасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін мынадай жаза қарастырылған:
АУЫР ҚЫЛМЫСТАРҒА АЛЫП КЕЛУІ МҮМКІН
Әзірлеушілердің айтуынша, қазіргі заңнамада мұндай жүйелі қудалауды жеке қарастыратын норма жоқ. Алайда тәжірибеде мұндай әрекеттер жиі ауыр қылмыстарға алып келуі мүмкін.