Астанада көлік қаққан 1 жасар баланың өлімі: жүргізуші қамалды ма

Ulysmedia
фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елордадағы тұрғын үй кешенінің ауласында cәбиді көлік қағып кетуіне қатысты қозғалған іс жөнінде мәлімет берді,айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Вице-премьердің айтуынша, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

«Құқық қорғау органдары жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр, іс бақылауға алынды. Сонымен қатар автотехникалық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында оның қорытындысы негізгі дәлел ретінде қаралатын болады. Ресми ақпаратқа сәйкес, түпкілікті процестік шешім сараптама қорытындысы негізінде қабылданады. Қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Көлік жүргізушісі қамауға алынған жоқ», – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 3 мамыр күні  Астанада Иманов көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында 1 жас 8 айлық сәбиді көлік басып кеткен. Полицияның мәліметінше, Kia Seltos көлігінің жүргізушісі аула ішіндегі жолмен келе жатқан. Сол сәтте бала жолға шыққан. Көлік оны басып кеткен. Сәбиді құтқару мүмкін болмады.