Қазақстанда маусымдық көкөністер бағасы шарықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПИЯЗ — КӨШБАСШЫ
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында тұтыну бағаларының индексі наурызбен салыстырғанда 100,8 пайыз болған. Осылайша, айлық инфляция деңгейі 0,8 пайыз көлемінде сақталды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер арасында баға өсімі бойынша көш басына пияз шықты. Бір аптаның ішінде оның құны бірден 11,4 пайызға өскен. Қазір бір келі пияздың орташа бағасы 130 теңге шамасында.
Одан кейін картоп пен сәбіз тұр. Бұл — көктемге тән дәстүрлі құбылыс. Әдетте дәл осы кезеңде көкөніс қоры азайып, соның әсерінен баға көтеріледі.
Апта қорытындысы бойынша:
Қазір Қазақстанда картоптың бір келісі орта есеппен 220 теңге, ал сәбіз 222 теңге тұрады.
ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТ ДЕ ҚЫМБАТТАДЫ
Сонымен қатар жұмыртқа, тауық еті, күнбағыс майы, макарон өнімдері, сиыр еті, қой еті, сары май, шай және сүт өнімдерінің бағасы да өскен.
Айта кетейік, ет бағасы жылдық есепте де қымбаттап жатыр. Соңғы 12 айда:
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір еттің орташа бағасы мынадай:
ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІ
Еске салайық, бұдан бұрын Halyk Finance сарапшыларының шолуында 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нақты табысы 1,7%-ға төмендегені айтылған. Әлеуетті экономикалық өсім туралы жиі айтылғанымен, ол халықтың әл-ауқатын арттырмаған. Сарапшылар мұны өсімнің едәуір бөлігі мұнай кірістеріне сүйенуімен байланыстырады. Ал ол табыс барлық тұрғындарға бірдей жетпейді. Сонымен қатар экономикалық өсім табыс деңгейінің артуына бірден әсер етпейді, оған уақыт керек.
Табыстың азаюы тұтыну әдеттерін де өзгерткен. Нәтижесінде азық-түлікке кететін шығын үлесі артса, киім-кешек, тұрмыстық техника және басқа да күнделікті қажеттілігі төмен тауарларға жұмсалатын қаржы қысқарған. Яғни көптеген отбасы үнемдеу тәртібіне көшіп, қосымша шығындарды азайтуға мәжбүр болған.