Жыл басынан бері Қытайдан Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келушілер саны айтарлықтай көбейген. Қаңтар–наурыз айлары аралығында елге ҚХР-дың 1260 азаматы қоныс аударған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЙ ЕЛДЕРДЕН ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР КӨП?
Бірінші кредиттік бюро дерегінше, соңғы тоғыз жылда бірінші тоқсанда мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген.
Қазір Қытай Қазақстанға көшіп келушілер саны бойынша үшінші орынға шыққан. Оның үстіне екінші орында тұрған Ресеймен арадағы айырма өте аз. Ресейден алғашқы тоқсанда 1265 адам қоныс аударған. Бұл Қытай көрсеткішінен небәрі бес адамға ғана көп.
Көш бастап тұрған ел – Өзбекстан. Ол жақтан Қазақстанға 2275 адам келген. Дегенмен бұл бағыттағы көші-қон ағыны 13 пайызға азайған.
ҚАЙДА ҚОНЫСТАНЫП ЖАТЫР?
Қытайдан келгендердің 99,5 пайызы – этникалық қазақтар.
Олар көбіне Астана, Алматы қалаларын, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарын таңдаған.
– Соңғы екі жылдағы жоғары көрсеткіштер Қытайдан келетін иммигранттар белсенділігінің арта бастағанын аңғартады. Ал биылғы бірінші тоқсандағы нәтиже бұл үрдістің жалғасуы мүмкін екенін көрсетеді, – дейді сарапшылар.