Ипотека бойынша қарыз бір адамның басына 604,4 мың теңгеден келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БЫЛТЫР 7 МЛН АДАМ ҚАРЫЗ АЛҒАН
“Қара аққу” телеграм-арнасының мәліметінше, 2026 жыл басталғалы елімізде 16-62 жас аралығында, 11,75 млн адам жұмысқа жарамды. Тұтынушылық несиемен әрқайсысы жалпы 1,439 млн теңге қарыз, бұл жалпы алғанда 4,4 медиандық жалақы.
Орта есеппен Қазақстанның әр тұрғыны банкке 2.14 млн теңге қарыз.
Ресми статистикаға сүйенсек, 16-62 жас аралығында былтыр қарыз алушылардың саны 7 млн-ға жеткенін көрсетеді.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төлем қабілетін қалпына келтіру және жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімдері туралы мәлімет берді. Өз сөзінде, бүгінге дейін шамамен 65 мың азамат банкрот деп танылды. Олар бойынша 132 млрд теңгеге жуық қарыз есептен шығарылуы тиіс. Ал сот арқылы банкрот болғандар саны – 632 адам. Жалпы алғанда, екі рәсім бойынша 66 600 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 250 млрд теңге қарызды есептен шығару көзделіп отырғанын мәлімдеді.