Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында 4 маңызды заң қаралады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНДАЙ ЗАҢДАР ҚАРАЛАДЫ?
Ресми хабарламаға сәйкес, депутаттар «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасын, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заң жобасын және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын екінші оқылымға дайындау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу мәселесі күн тәртібіне енгізілген.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ
Еске салайық, 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды. Бұдан былай Қазақстанда екі палаталы парламенттің орнына жаңа парламент – Құрылтай құрылады және вице-президент лауазымы пайда болады.
Бұдан бұрын Қазақстанда Құрылтай сайлау қашан өтетіні және вице-президент қашан сайланатыны хабарланған.
Жаңа Конституция қабылдануына байланысты парламент қолданыстағы заңдарға өзгеріс енгізу және жаңа конституциялық заңдарды қабылдау мәселесін талқылауға кірісті.