Ақтөбе облысындағы департаменті жүк көліктерін заңсыз тіркеген бір топ адамға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІСТІҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар міндетті төлемдерден жалтару мақсатында жүк көліктерін заңсыз есепке қоюмен айналысқан.
«Тергеу амалдарына сай, топ мүшелері Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында N3 санатындағы (жүк тартқыштар) және M1 санатындағы (жеңіл автокөліктер) 82 көлікті заңсыз тіркеген. Құрамында 9 адам болған, олардың арасында автоинспектор мен нотариус та бар», - деп хабарлайды ҚМА.
Олар клиенттерді мессенджерлер мен интернет-ресурстардан тауып, оларға өз қызметтерін ұсынып отырған.
Мемлекетке келген жалпы залал 705 млн теңгеге жеткен. Сот санкциясымен күдіктілердің 2,4 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынған.
КОНТЕКСТ
Айта кетейік, бұдан бұрын Сәтбаев әкімі қала аумағында жүк көліктерін жүргізбей қойғаны анықталған. Ол Жезқазған – Петропавл республикалық тасжолының бір бөлігі арқылы жүк көліктерінің жүруіне тыйым салмақ болған. Алайда тексеріс барысында әкімдіктің мұндай шешім қабылдауға құзыреті жоқ екені анықталды.
Прокуратура мәліметінше, бұл жол «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның сенімгерлік басқаруында. Сондықтан жергілікті атқарушы орган жол қозғалысына өз бетінше шектеу қоя алмайды.
Қадағалау органының араласуынан кейін өкімнің күші жойылды.