Конго эбола вирусына байланысты әлем чемпионатына бара алмай қалуы мүмкін

Ulysmedia
İdman.Biz

Конго эбола вирусының тарауына байланысты футболдан әлем чемпионатына бара алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Конго Демократиялық Республикасы ел аумағында эбола вирусының тарауына байланысты футболдан әлем чемпионатына бара алмай қалуы мүмкін. Бұған дейін ел билігі эболадан 130 адам қаза тапқанын мойындаған.

Биылғы әлем чемпионатын қабылдайтын АҚШ Конго тарапы вирустың тарауына байланысты қойылатын қажетті талаптарды орындауы тиіс екенін мәлімдеді.

– Конго Демократиялық Республикасы құрамасына 11 маусымда Хьюстон қаласына келмес бұрын 21 күндік оқшаулау режимін сақтау қажеттігін өте нақты түсіндірдік. Сонымен қатар, Конго үкіметіне бұл талап орындалмаса, АҚШ-қа кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін екенін де ашық айттық, — деді Ақ үй әкімшілігінің әлем чемпионатына дайындық бойынша тобының атқарушы директоры Эндрю Джулиани.

КОНТЕКСТ

Конго құрамасы жеребе бойынша «К» тобында. Бұл топта одан өзге Өзбекстан, Португалия және Колумбия құрамалары ойнайды.

Футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.