ҚТЖ-да тағы бір басшы қамауға алынды

Ulysmedia
Фото: Pixabay

"Қазақстан темір жолы" компаниясының құрамына кіретін Алматыдағы вагон пайдалану депосының басшысы қылмыстық іс аясында ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Кәсіпорын басшысы сәуір айында ұсталды. Ол пара алды деген күдікке ілінген.

“Тергеу оның 2024-2025 жылдардағы қызметінің кезеңін қамтиды. Сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді”, – делінген "Қазақстан темір жолы" компаниясы таратқан хабарламада.

Контекст

Айта кетейік, биыл наурыз айында “Қазтеміртранс” АҚ филиал директоры Ақылбек Базенов ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ол да сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес, іс мемлекеттік сатып алулармен байланысты болуы мүмкін. Шамамен 500 млн теңге көлеміндегі пара туралы айтылған.