Қытайда төбелеске қатысқан Қазақстан азаматы ұсталды

Ulysmedia
gov.kz

Қытайда төбелеске қатысқан Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл ақпаратты сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Қытайда адам өліміне алып келген төбелеске қатысты деген күдікпен Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаров ұсталды. Бұл жөнінде Threads желісінде оның жақындары жазды. Олар төбелесті бірінші болып Махмұтхан бастамағанын айтады.

Төбелестің нақты неден басталғаны белгісіз. Бірақ жақындары жанжал Махмұтхан Шерназаров қыз балаға араша түспек болғанынан басталуы мүмкін дейді.

Жақындарының айтуынша, бірнеше адам жабылып, оны соққыға жыққан, кетуіне мүмкіндік бермеген. Олар оның әрекетін өзін-өзі қорғаумен байланыстырды. Іс бейнежазба мен барлық мән-жай ескеріліп, обьективті қаралса дейді.

Ол Қытайға жанжалдасу үшін емес, отбасы мен болашағы үшін жұмыс істеуге барған еді, – деп жазды жақындары.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомство ұсталған азаматтық туыстарымен байланыста екенін, қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.