Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Ulysmedia
Фото: gov.kz

Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 6 және 7 маусым күндері өтеді,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады.

Іс-шара 6 және 7 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.