Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
5 маусымда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17 пайыз деңгейінде белгіледі. Бұған дейін мөлшерлемені 18 пайыз көлемінде ұстап келген.
– Бұл шешім кезекті болжамды раундтың нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдері теңгерімінің жаңартылған бағалауына сүйеніп қабылданды, – деп түсіндірді Ұлттық банк.
Ұлттық банк бұндай шешім қабылдауда жылдық инфляцияның баяулау үрдісін ескерген. Мамыр айының қорытындысы бойынша, инфляция 10, 4 пайыз болған. Азық-түлік инфляциясы 10,7 пайызға төмендеген. Бірақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы қарқыны 11,7 пайыз көлемінде қалып отыр.