Алматыда 818 жалдамалы пәтер бөлінеді: тұрғындарға хабарлама қашан келеді?

Ulysmedia
Фото: aapsky\shutterstock

Алматыда 8 маусымнан бастап сегіз тұрғын үй кешенінде жалдамалы пәтерлерді бөлу басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Отбасы банктің мәліметінше, кезегі келген азаматтарға 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алғандар 5 жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс. Ол үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының сайтына кіріп, инвентаризациядан өтіп, ресми түрде келісім беру қажет.

Жалдамалы тұрғын үй мына кешендерде ұсынылады:

Qargaly city – 520 пәтер (475 – 2 бөлмелі, 45 – 3 бөлмелі)

Shahar city – 129 пәтер (53 – 1 бөлмелі, 49 – 2 бөлмелі, 27 – 3 бөлмелі)

Kokjiek city – 74 пәтер (38 – 1 бөлмелі, 36 – 2 бөлмелі)

Alem city – 59 пәтер (37 – 1 бөлмелі, 15 – 2 бөлмелі, 7 – 3 бөлмелі)

Alma city – 13 пәтер (5 – 1 бөлмелі, 8 – 2 бөлмелі)

Sofia – 12 пәтер (барлығы 3 бөлмелі)

Time city – 8 пәтер (барлығы 3 бөлмелі)

Medeu city – 3 пәтер (барлығы 3 бөлмелі)

Жалдамалы тұрғын үйді бөлу процесі толықтай онлайн форматта жүзеге асырылады.