Ақтөбеде қыз зорлаған ер адам 20 жылға сотталып кетті

Қалижан Бектемір
Фото: Kazinformf0n-,

Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы апелляциялық сатыда үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға былтыр күзде болды. Іс материалына сүйенсек, 39 жастағы сотталушы кәмелет жасқа толмаған қызды көшеден ұстап алып, пышақ тақап қорқытады. Сол кезде сексуалдық зорлық көрсетіп, кейін пәтерге апарады. Жалдамалы пәтерде тағы да зорлық көрсетіп, қорқытады. Сотталушы ұйықтап қалған сәтті пайдаланған жәбірленуші оқиға орнынан қашып кетеді. Оған дейін фотоға түсіріп, айғақ жинаған. Дәл осы фото сот отырысында қылмыстық істің дәлелі болды.

СОТ НЕ ДЕЙДІ?

 

Сотталушы бұған дейін де істі болған әрі пробациялық бақылауда жүрген. 17 жастағы қызды зорлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы сотталушы мен қорғаушы түсірген апелляциялық шағымды қарап, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырады. Тараптар Кассациялық сотқа шағым түсіре алады, - деді Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы.