Астанада ер адам баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған

Ulysmedia
Фото: magnific.com

Астанада баланы күштеп әкетпек болды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Оқиға 5 маусым күні елорданың Алматы ауданында №13 мектеп маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам баланы ұстап алып, қараусыз қалған аула жаққа сүйреп әкетпек болған. Алайда өтіп бара жатқан тұрғындар араласып, баланы құтқарып қалған.

Полиция 56 жастағы күдіктінің ұсталғанын растады.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Астана ПД.

Белгілі болғандай, баланың заңды өкілі арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан полиция тексеруді жалғастырып жатыр.

Тексеру қорытындысы бойынша ер адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.