Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе Англиядағы Wycombe Wanderers клубындағы үлесінің 10%-ын сатқаннан кейін оның қолында 80% үлес қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Толығырақ
Мәміле нәтижесінде 10%-ды клубтың төрағасы әрі директоры Дэн Райс сатып алды. Ол Ломтадзеге тиесілі Feliciana EFL Limited компаниясының бір бөлігін иеленді. Бұған дейін бұл компания клубтың 90%-ын бақылаған. Мәміле клуб кеңесі мен тиісті футбол органдарының мақұлдауынан кейін аяқталды.
Қазіргі меншік құрылымы мынадай:
Feliciana EFL Limited – 80%
Wycombe Wanderers Supporters Trust (жанкүйерлер қоры) – 10%
Дэн Райс – 10%
Михаил Ломтадзе 2024 жылдың мамырында клубтың негізгі иесі атанған. Сол кезде клубтың 90%-ын иеленген Feliciana EFL Ltd компаниясы оның бақылауына өткен.
Бизнесмен сондай-ақ Қазақстан мен Грузиядағы ең ықпалды кәсіпкерлер қатарында. 2026 жылғы Forbes дерегіне сәйкес, оның байлығы шамамен 6 млрд доллар деп бағаланған.
Сонымен қатар, 2025 жылдың қарашасында ол Астанадағы Жеңіс клубының иесі болды.