Шымкенттік Қазақстанда жаңа мемлекет құруға шақырған

Ulysmedia
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Сәуір–мамыр айларында ҰҚК жүргізген тергеулер нәтижесінде террористік және экстремистік қылмыс жасаған 13 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

ҰҚК хабарлауынша, олардың бірі, Астана қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттаған, сондай-ақ айналасындағыларды террористік белсенділік аймақтарына шығуға үгіттеген. Сот шешімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Екіншісі, Шымкент қаласының тумасы айналасындағыларды Қазақстанда теократиялық мемлекетін құруға шақырып, терроризм идеяларын таратқан. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды”, – делінген хабарлпамада.

Осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында осындай қылмыстар жасады деген күдікпен 11 адам, оның ішінде 2 шетелдік және шетелден экстрадицияланған 3 Қазақстан азаматы ұсталды.

Олар Ғаламторда және өз айналасында экстремистік материалдарды таратты, террористік белсенділік аймақтарына шығуға және өздерінің ұстанымдарымен келіспейтін адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырды деп күдіктелуде.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптарында сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.