Оңтүстік Корея экс-президенті тағы 30 жылға сотталды

Ulysmedia
Фото: Kim Hong-ji/AFP

Оңтүстік Корея экс-президенті Юн Сок Ель тағы 30 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

12 маусымда Сеул қаласының орталық аумақтық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ельді 30 жылға бас бостандығынан айырды. Yonhap агенттігінің жазуынша, 65 жастағы саясаткер қарсы тарапқа көмектесу және билігін асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танылған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Юн Сок Ель 2024 жылы қазанда елде әскери жағдай енгізу мақсатында Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға әскери дрондар жіберген. Бірақ экс-президент бұл айыпты жоққа шығарып отыр.

Контекст

Юн Сок Ельдің 2024 жылы қазанда елде әскери жағдай енгізуіне парламент қарсы шыққан. 2026 жылы ақпанда Сеул орталық аймақтық соты оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Прокуратура өлім жазасына кесуді сұраған. Бірақ Юн Сок Ель оған апелляциялық шағым түсірген.