Әлем чемпионатында «қысық көз» көрсеткен мексикалық қызметінен қуылды

Ulysmedia
Фото: әлеуметтік желіден

Әлем чемпионатының трибунасында «қысық көзді» көрсеткен мексикалық жазаланды.

Толығырақ

Желі қолданушысы Александр Цойдың жазуынша, Улисес Берналь Мексиканың Халиско штатындағы инженер-геодезистер алқасының президенті болған.

Оқиғадан кейін бірден оны ешқандай төлемсіз және өтемақысыз қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Әлем чемпионаты ойындарына сатып алған барлық билеттерінің күші жойылды.

Оған 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясындағы кез келген іс-шараға қатысуға тыйым салынды.

“Меніңше, бұл тек басы ғана сияқты, оған әлі де біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Өз ісіне лайық жазасын алды”,  – деп жазды ол.