Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран арасында қол жеткізілген келісімді қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Президенттің пікірінше, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда аталған келісімнің өңір үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін де маңызы зор.
«Тараптардың өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім табуға мүмкіндік берген саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Осы жауапты кезеңде табандылық пен стратегиялық көзқарас танытқан АҚШ президенті Дональд Трамп көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сондай-ақ Иран басшылығының сындарлы ұстанымын құптаймыз», – деп жазды Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан бұл келісімнің Таяу Шығыста және одан тыс жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға берік негіз қалайды деп үміттенетінін жеткізді.
Еске салсақ, 15 маусымда АҚШ пен Иранның бейбіт келісімге келгені белгілі болды. Құжатқа ресми қол қою рәсімі 19 маусымда өтеді деп жоспарланған.