АҚШ президенті Дональд Трампқа Иранға қарсы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарарды Сенат тағы да қабылдамай тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Reuters агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні АҚШ Сенаты аз ғана дауыс айырмашылығымен демократтардың Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды Конгресс мақұлдағанға дейін тоқтатуға бағытталған кезекті қарарын қабылдамай тастады.
Бұл Израиль мен АҚШ-тың Иранға әуе шабуылдарын бастағалы бері демократтардың осындай мазмұндағы тоғызыншы әрекеті.
Контекст
Маусым айының басында республикашылдар басымдыққа ие АҚШ Өкілдер палатасы президент Дональд Трампқа Иранға қарсы соғысты жалғастыруға тыйым салатын қарарды мақұлдаған болатын. Төрт республикашыл конгрессмен демократтармен бірге қарарды қолдап дауыс берген.
Соғыс өкілеттіктері туралы қарарға сәйкес, егер Конгресс соғыс жарияламаса немесе әскери күш қолдануға ресми рұқсат бермесе, Дональд Трамп АҚШ әскерін Ираннан шығаруға міндетті.
Құжаттың заңды күшіне енуі үшін оны Сенат та, Өкілдер палатасы да мақұлдауы қажет.