Мәжіліс депутаттары «AMANAT» партиясының төсбелгісінен бас тартып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Депутат Ерлан Саиыров бүгін мәжіліске «AMANAT» партиясының төсбелгісінсіз келді. Алайда ол жақында «Әділет» партиясына өтіп, соның төсбелгісін тағып жүретініне сенімді сияқты.
– 1 шілдеден бастап «Әділет» партиясына мүшелікке өту туралы өтініш береміз. Бізді қабылдай ма, жоқ па ол басқа сұрақ. Сондықтан ертең «Әділет» партиясының төсбелгісі болуы да ықтимал, – деді ол журналистерге.
Контекст
15 маусымда Астанадағы «AMANAT» партиясының бас кеңсесіндегі жазу ауысып, «Әділет» партиясының атауы бар маңдайша ілінді. Әлеуметтік желіде ребрендингтің өңірлерге де жеткені туралы ақпарат тарады.
12 маусымда «AMANAT» партиясы сьез өткізіп, «Әділет» партиясына қосылатынын мәлімдеді. Кейіннен, 14 маусымда «Әділет» партиясы сьезінде оны өзіне қосып алуды мақұлдады.
Тәуелсіз саясаттанушылар мен сарапшылар ұзақ жылдан бері билік басында отырған «AMANAT» партиясының енді ғана құрылған «Әділет» партиясына қосылуын нонсенс, саяси абсурд деп бағалаған.
Оқи отырыңыз: "Аманат партиясы парламентте заңсыз отыр": Белгілі журналист Конституциялық сотқа арыз жазды